Жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүріп жатыр

176

«Бүгінгі таңда жолаушылар пойыздары кесте бойынша және барлық бағытта жүреді. Барлық пойыздарға теміржол билеттері бар», деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтаннан шығатын жолаушылар үшін темір жол билеттерінің тапшылығы жоқ.

Күн сайын елордадан басқа қалаларға 30-дан астам пойыз жөнелтіледі. Олардың барлығы да пойыздар кестесі бойынша жүреді. Мәселен, 11 қаңтардағы жағдай бойынша елордадан 42 жолаушылар және қаламаңы пойыздары жолға шықты.

2022 жылғы 8-11 қаңтар аралығында «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан 12 қосымша пойыз ұйымдастырылып, 11 мыңнан астам орын ұсынылды.

«Билеттер туралы толығырақ ақпаратты bilet.railways.kz сайтынан және Кaspi.kz пен «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшаларынан білуге болады»,-делінген хабарламада.