Енді «сары» және «жасыл» аймақтарда Ashyq қосымшасын пайдаланбауға болады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай шешім қабылдады:

Эпидемиологиялық қауіптің «сары» және «жасыл» аймақтарда барлық нысанда: «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар, міндетті термометрия алынып тасталады;

Барлық аймақта ашық ауада маска тағу міндетті емес;

COVID-ке қарсы вакцина алмаған қызметкерлерге күндізгі режимде жұмысқа баруға шектеу қойылмайды;

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу алынып тасталды.