Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарындарының сегізінші күнінде қазақстандықтар парашаңғы жарысында бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы жекелей жарыста шаңғышыларымыз Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко және Юрий Березин бақ сынайды.

Сонымен қатар, паракерлингтен финал және шанадағы хоккейден қола медель үшін кездесу өтеді.

12 наурызға арналған кесте

Парашаңғы жарысы

08:15 Тұрып сырғанау. 10 км. еркін жүріс

Александр Герлиц

10:30. Отырып сырғанау. 7,5 км.

Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин

Қайдан көруге болады: Qazsport 8:00 (парашаңғы)