2010 жыл. Әлем чемпионаты. 1/4 финал 🇬🇭ГАНА-🇺🇾УРУГВАЙ 1:1, пен: 2:4. Соңғы минутта Гана футболшысы, 18-ші нөмірлі шабуылшы Доминик Адийяның добын уругвайлық Луис Суарес қолмен қайтарып, командасын құтқарып қалды.
ОЙЫНШЫЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?
ДОМИНИК АДИЙЯ — Италияның белді клубы саналатын «Миланда» доп теуіп жерген футболшының мансабы күрт құлдырап, тіпті 🇰🇿2014 жылы «Атырау» сапында 14 ойын өткізген. Қазір мансабын аяқтады.
ЛУИС СУАРЕС — 2010 жылы қолмен доп тоқтатып, 2014 жылы қарсыласты тістесе де, Луис Суарес «Ливерпуль», «Барселона», «Атлетико» клубтарының жұлдызды футболшысына айнала білді. 2022 жылы ӘЧ-да доп тебеді.