Соңғы екі жылда жас ғалымдардың саны мың адамға өсті. 2018 жылы олардың саны шамамен 8 000-ға жуық адамды құраса, 2021 жылы ғылым саласында еңбек ететіндер саны 9 200 жас ғалымға жетті. Бұл туралы БҒМ хабарлады.
Айта кетейік, Қазақстанда барлығы 396 ғылыми ұйым бар, оларда 22 665 адам жұмыс істейді. Олардың 54%-ы әйелдер.
Сондай-ақ Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті. Бұрын 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады.
БҒМ мәліметіне сүйенсек, Президенттің қолдауының арқасында 500 ғалым жыл сайын әлемнің үздік ғылыми орталықтарында тегін тағылымдамадан өтеді.