Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотолары мен видеоларын әзірлейтін кәсіби мамандарды таныстырды.
«Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желілердегі оқырмандарымыздан түсіп жатқан сауалдарға байланысты сіздерге фотолар мен видеоларымызды әзірлейтін, қас-қағым сәтті қалт жібермейтін кәсіби мамандарымызды таныстырғымыз келеді.
Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.
Тағы бір жеке фотограф – Ғани Өмірбеков. Ол 1987 жылы туған. Ғанидың ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болды.
Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда таралған видеоларды жасаған – Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ.
Алдағы уақытта біздің осы үш әріптесіміздің фотолары мен видеоларын қалт жібермей, бөлісе жүріңіздер», деп жазды ол.