Бразилияда өтіп жатқан сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грек-рим күресінен сынға түскен балуан Хайратхаан Шонку алтыннан алқа тақты.
130 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалдық белдесуде түрік спортшысы Мехмет Юсалды айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ тағы үш балуанымыз медаль алды. 97 келі салмақта Асылан Тәжиев күміс жүлде алса, Нұржан Асан (77 келі) мен Алдияр Балташев (60 келі) қола жүлдегер атанды.