Басты бет Жаңалықтар Қазақстан-Түркия білім берудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан-Түркия білім берудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің басты бағыттары:
— Оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы.
— Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
— Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру.
— Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу.
— Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
— Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.

Сондай-ақ сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.

Exit mobile version