«Мен ешқандай кешірім берген жоқпын және бермеймін» – Әл-Фарабидегі жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі

Басқа ақпараттар

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қаза тапқан 20 жастағы қыздың әкесі тоғыз жылдан бері бұрынғы жұбайымен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Jas.kz ақпараттық агенттікке сілтеме жасап.

«Ол менің тұңғышым еді. Мен жерлеу рәсімдерімен және ас берумен айналысып жүргенде, ол полицияға барып, өзін жәбірленуші ретінде танытып, сотқа дейін жетіп үлгерді», – деді ол.

Марқұмның әкесінің айтуынша, сотталушы оның бұрынғы жұбайына қомақты ақша төлеген. Сондай-ақ оған да ақша ұсынылған.

«Сотталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондарының керегі жоқ, маған балам керек», – деді ол Tengrinews.kz тілшісіне.

Сонымен қатар, қыздың әкесі сотталушыны кешірмейтінін жеткізді.

«Мен ешқандай кешірім берген жоқпын және бермеймін де. Мен Тараздағы оның ата-анасының үйінде болдым. Әкесі менен көз жасын төгіп кешірім сұрады», – деді ол.

Марқұмның әкесі сотталушыға барынша қатаң жаза тағайындалуына қол жеткізу үшін адвокаттарды тартып, мемлекеттік органдарға жүгінуді жоспарлап отырғанын айтты.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз