Басты бет Спорт Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді.

«Біз тек екі салмақтағы нәтижемен келіспейміз: 48 және 71 келіге дейін. Қалған жеңілген финалдардың нәтижесі орынды. Кемшіліктерімізді көрдім. Жақын арада қателіктермен жұмыс жасаймыз. Физика мен техникаға көңіл бқлеміз. Бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын. Жігіттердің әлеуеті де, мүмкіндіктері де бар. Сонымен қатар, Нұрбек Оралбай мен тағы бірнеше боксшы жарыс жолына шыққан жоқ. Бізде мықты резерв бар. Ұлттық құрамаға жастарды тартамыз. Жақында Қазақстан чемпионаты өтеді. Бірақ АЧ жүлдегерлері ол жерде өнер көрсетпейді. Өйткені дайындыққа мүлдем уақыт жоқ. Сондай-ақ, Тайландта кім жеңіске жетсе, ел біріншілігінде жеңіске жеткен боксшылап сияқты ұлттық құраманың бірінші нөмірі болып есептелетінін айта кетейін», — деп түйіндеді сөзін бас бапкер Қайрат Сәтжанов.
Exit mobile version