Қарағанды өңірінде баллондағы газ құны 30 процентке арзандады

168

Қарағанды өңірінде баллондағы газ 30 процентке арзандады. Бұл туралы 24kz жазды.

Тұрғындарға сұйық отынды жеткізетін 8 бірдей компания сұйытылған газдың әр литрін 70 пен 105 теңге аралығында сатып жатыр. Мәселен облыс нарығының 30 процентін қамтамасыз етіп отырған ірі компанияда 17 литрлік газ баллон 1 мың 500 теңге, ал 34 литрлік үлкен баллонның құны 3 мың теңге болып бекітілді. Егер жеткізу керек болса, бұл сомаға тағы шамамен 500 теңге қосылады. Сондай-ақ Жезқазған қаласында да баға төмендеді. Бұл шаһарда баллондағы газдың литрі 130 теңгеден 88 теңгеге түсті, ал Балқашта әр литрі 85 теңге тұрады.

Дегенмен, көп қабатты үйлерге берілетін орталықтандырылған газдың бағасы өзгерген жоқ.

Асқар Шарафуддинов, ЖШС директоры:

– Көп қабатты үйлерге берілетін газдың бағасы мүлдем басқаша есептеледі. Ол жерде шығын көп. Сондықтан әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Соңғы рет бұл тариф 2019 жылы көтерілген. Қазір елдегі жағдайға байланысты газ құнын көтеруге мораторий жарияланды.