Елімізде 22 655 ғылыми кадр бар. Оның 36 пайызы – 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Ғалымдардың жалпы санын алсақ, еліміздің бір миллион халқына шаққанда бір мыңнан астам ғана ғалым келеді. Бұл өз кезегінде қаржыландыруға да байланысты. Әлемдік тәжірибеде ғылымды қаржыландыру кем дегенде жалпы ішкі өнімнің бір пайызы көлемінде болу қажеттігі айтылады және оның басым бөлігі жеке инвестициядан қалыптасуы тиіс. Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің атап өтуінше, елімізде 22 655 ғылыми кадр бар. Оның 36 пайызы – 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, 39 пайызы – орта жастағылар.