Soft Skills — белгілі бір кәсіпке қатысы жоқ, керісінше адамның құндылықтарына негізделген дағдылар кешені. Бұндай дағдыға ие адамдар мәселелерді тиімдірек шешеді, топпен, серіктестермен және тұтынушылармен жайлы қарым-қатынас орнатады, сонымен қатар мансап сатысында сәтті көтеріледі немесе өз ісін дамытады. Бұл дағдылар кешеніне не жататынын бірге айқындай түсейік.

Жыл сайын түрлі жаңа салалар мен бағыттар пайда болып, ежелгі мамандықтар жаңара түседі. Жетістікке көбірек білетін және соны пайдаға асыра алған адам ғана жетеді. Кей салада сала бойынша білім емес, адамның жауапкершілігі, ізденімпаздығы сынды қасиеттері сынға алынып, оларға мән беріледі. Өйткені, білімі мол, жауапкершілігі жоқ маманға қарағанда, кәсіби білімі жеткіліксіз бірақ, жауапкершілігі жоғары адам құнды саналады. Оларды үйрету әлдеқайда жеңіл.

Soft Skills туралы зерттеу жұмыстары 1960-1970 жылдары бастау алды. Бастапқыда бұл дағды кешендері менеджерлер мен бастықтарда болуы міндеттелді. Дегенмен 20 ғасырда бұл қасиеттер барлық қызмет сатысындағы жұмысшыларда кездесуінің маңызы артты.

Soft-skills не жатады?
Байланыс дағдылары

Бұл адамға әріптестерімен, серіктестерімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Дұрыс байланыс орната білу —  мәселенің жарты шешімі. Өз ойын дұрыс жеткізу, жылы қарым-қатынас, қызметкерді мақтау немесе қателегін жүйелі жеткізу маңызды:
– тыңдай білу
– келісу, сендіру
– ымды түсіну, байланысу
– өзін көрсету білу
– халықпен сөйлесе алу
– хат алмасу

Сыни ойлау
Қандай тапсырманы орындау жатқаныңыз маңызды емес. Бастысы мәселені сараптап, оның шығу тегін түсініп, қабылдай білсеңіз болды:
– логикалық ойлау
– бақылау, шешім шығару
– тапқырлық, ізденімпаздық
– тез үйрену, өзгеріске қабілетті болу
Көшбасшылық қасиеттері

Барлық кәсіптер мен лауазымдар көшбасшылық қабілеттерді қажет етпесе де, жұмыс берушілердің көпшілігі әрбір қызметкердің ұжымды немесе қызметкерлер тобын ұйымдастыру, басқару қабілетін бағалайды. Бұған әдетте мыналар кіреді:
– жанжалды болдырмау немесе шешу мүмкіндігі
– келіссөздер жасау мүмкіндігі
– тиімді өкілдік дағдылары
– фасилитация дағдылары (пікірталастарды тиімді модерациялау немесе мәселелердің шешімін табу)
– басқару дағдылары (кездесулерді, жұмыс сұхбаттарын немесе келіссөздерді басқару)

Эмоциялық интеллект және позитивті ойлау

Ешкім қабағы ашылмайтын қызметкерлерді немесе пессимистік іскер серіктестерді ұнатпайды. Әркімнің басында қиындықтар болады немесе жайсыз күндер болады. Дегенмен жұмыс беруші үшін өзін жинап, өзгенің көңіліне қарай білетін адам маңызды:
– эмоционалды интеллект
– позитивті ойлау
– сыпайылық
– достық қарым-қатынас
– стресске төзімділік
– эмпатия қабілеттері

Топтық жұмыс дағдылары

Топтық жұмыс әдетте жеке санат ретінде жіктеледі. Бірақ шын мәнінде, топта жұмыс жасай білу — жұмыстың бір бөлігін сәтті орындауға, әріптестерімен тиісті деңгейде қарым-қатынас жасауға және бір нәтижеге ұмтылуға мүмкіндік беретін коммуникациялық дағдылардың ең маңызды бөлігі.

Дереккөз: massaget.kz