Қазгидромет Қазақстандағы 14, 15 және 16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс облыстары циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады.
«Батыс циклонының екпінімен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде алдағы үш күнде жауын-шашын болады. Солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады. Кей өңірлерде қатты жаңбырдың арты бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Соған қарамастан, күндіз ауа райы жылы болады», — делінген хабарламада.
Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр 17-25 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін жылы болады.