Пятница, 11 октября, 2024
No menu items!

Динара Болат: «Балаңызды танымдық үрдістен қалыс қалдырмаңыздар»

Jas.kz сайты Астанада өтіп жатқан ЭКСПО халықаралық көрмесіне орай, түрлі әлеуметтік желілер мен блогтұғырларда жарияланған материалдарды жариялап отырмақшы.

Басқа ақпараттар

Өйткені еліміздегі үлкен шара туралы ақпараттар ағынының тасасында қалып кетпеу басты мақсат. Бұл жолы саяхатшы-блогер Динара Болаттың жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

ӘКЕ мен ҰРПАҚ. Өткенде Грузия Елшілігінің қабылдау кешінде бір жағдайға таң қалып, риза болдым. Кеш бойы әр қайсысы өзінше шенеунік Грузия елшілігіндегі қызметкер ер адамдар әйелдері тамақтанып болғанға дейін кішкентайларын көтеріп жүрді. Сәбилер әкелерінің қолында, ал аналары асықпай тамақтарын ішті.

«Еркектері қатынжанды екен, намыс қайда?» — дейсіз ғой. Жоқ, грузиндер ақылды екен дер едім. Олар әйелінің емес, ұрпағының қамын ойлап жатыр. Емшектегі баласының анасы демалып, тамақтануына жағдай жасау арқылы сүттің дұрыс шығып, жүйке жүйесінің тыныштығын қамтамасыз етіп жатыр.

Ұрпағын ойлайтын әр ер адам әйелінің көңіл-күйін жасап, оның білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Өсіріп отырған балаларының танымдық үрдісін қамтамасыз етумен болады.

Мұны неге жазып отырмын?

ЭКСПО-ға билетті мұғалім апай бір өзіне алса алған шығар. Мұғалімнің айлығымен барлығына билет алып, отбасын Астанаға қайдан әкелсін? Әйел адам мұны жасауға міндетті де емес. Құрметті әкелер, отбасын баспанамен, жылда курортпен қамтамасыз ете алмасаңыз да әйеліңізді, балаларыңызды танымдық үрдістен қалыс қалдырмаңыздар.

Шегетін темекі, ішілетін сыра, сауна, ауыл-аймақтағы той-томалақты қоя тұрыңыз. Отбасыңыз үшін жақсылық жасауға асығыңыз! Бұл баланың есінде қалады. Жылда шет елдерге шыға алмайтындықтан ЭКСПО алаңында жүріп өзге ұлттың өкілдерін кездестіріп, сөйлегендерін естіп, елдер туралы сурет, бейнежазбасын көріп, жаңа технологияны тамашалап ұрпағыңыз алға ұмтыла бастайды. Олар үшін үлкен мотивация. Әлемде шек жоқ екендігін түсініп, кең ойлап үйренеді.

ЭКСПО салынып біткенге дейін мен бұл жобаға менсіңбеушілікпен қарап келген едім. Кеше сол жерде болып, мұным бекер екендігін түсіндім. Шет елдерде әр елді қызықтап, түкпір-түкпірін аралап үлгерген мені де таң қалдыра алды көрме. Сондықтан, молырақ ақшаларын ұстатып отбасыңызды Астанаға жіберіңіз, не өзіңіз әкеліңіз. Қайда кетпей жатқан ақша?

Сарыағаш та, Балқаш та ешқайда қашпайды. ЭКСПО-ға әкеліңіз! Көрсін, қызықтасын! Өз ісіңізге өзіңіз риза болатындай ұрпағыңыз үшін сауапты іс жасаңыз. Сәттілік!

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img