Алматы трагедиясы: Қазақстандық кәсіпкерлер 2 млрд теңге бөлді

Басқа ақпараттар

Отандық бірнеше бизнес өкілі бірігіп жаппай тәртіпсіздіктерден кейін елді қайта қалпына келтіруге 2 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл туралы «BI Group» компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев хабарлады.

«Біз достарымызбен бірге көптеген қайырымдылық жобаларға қаржылық қолдау танытамыз. Жеке, қоғамдық ұйымдар, аналар үйі, IQanat және т.б. Ал ауқымы үлкен қайғылы жайт болғанда, біз бірігіп, қол ұшын созуға тырысамыз. Елдегі жағдайдан соң достарымызбен ақылдаса келе 2 млрд теңге қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық. Аталған қаражат біраз мәселені шешуге септігін тигізеді деген үміттемін. Әрине, бөлінетін қаражат алдымен Алматы халқы үшін, ондағы марқұм болған жандардың отбасы мен жақындарына жұмсалады. Содан соң Шымкент, Талдықорған, Тараз және тағы басқа қалаларға бағытталады», — деп жазды Айдын Рахымбаев Instagram парақшасында.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз