Понедельник, 19 мая, 2025
No menu items!

ҰҚШҰ бітімгерлері отандарына оралып жатыр

Басқа ақпараттар

Террористердің шабуылы кезінде Қазақстандағы стратегиялық нысандарды уақытша күзетуге келген Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының бітімгерлері елдеріне қайтып жатыр. Бұл туралы 24kz хабарлады.

Әскерилердің Иванов әуежайына барып қонып жатқандары түсірілген бейнежазбаны Ресейдің қорғаныс министрлігі таратты. Бітімгерлерді Ил-76 МД әскери-транзиттік ұшақтарымен әкеткен. Оларды аэродромның алаңында салтанатты жағдайда күтіп алды. Осыдан кейін бітімгерлер ұшақтағы техникаларын түсірді. Алдын ала дерек бойынша, Армения, Беларусь және Тәжікстанның контингентін де Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күшінің ұшақтары әкетеді. Ал Қырғызстанның әскерилері өздері қайтады.

Айта кетейік, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының  бітімгерлік күші елімізден 23 қаңтарға дейін толық шығарылады.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз