«Жайдарманның» Бас продюсері тағайындалды

Басқа ақпараттар

«Жайдарман» Республикалық жастар қозғалысы бірлестігінің Бас продюсері болып Жанасыл Тұрсынбекұлы Болатбек тағайындалды. Бұл туралы бірлестіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасы хабарлады.

Жанасыл Болатбек — Түркістан тумасы, медиалектор, медиаконсультант. «Атамекен-бизнес каналының» маркетинг бөлімін жетекшісі, жекелеген ютуб-жобалардың менеджері ретінде қызмет атқарды.

2016 жылдан бастап Жайдарман ойындарының PR және ақпараттандыру жұмыстарымен айналысып келді.

Бас продюсердің міндетіне бірлестікке қатысты жобаларды басқару және ұйымдастыру жұмыстары кіреді.

Айта кетейік, «Қазақстан КВН Одағы» болып құрылып, он жылдан астам осы атаумен келген бірлестік биылдан бастап, жаңаша атаумен ребрендинг жасауды жоспарлауда. Сондай-ақ көпшілікке «Жайдарман» атауы КВН бойынша кеңінен танылса, енді жастар қозғалысы ретінде және интеллектуалдық ойындар мен жобалардың ұйымдастырушысы ретінде де жаңа бір қырынан танылмақ.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз