13 наурызда Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындары мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы елге оралды. Ұлттық құрамамен бірге ойындардың қола жүлдегері Александр Герлиц те келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында 5 қазақстандық спортшы шаңғы жарысы мен биатлоннан сынға түсті. Ұлттық құрама бір қола медальмен елге оралып, қысқы ойындарды медальдық есепте 17-орынмен аяқтады.

Паралимпиада спортшылары мінген арнайы чартерлік рейс Алматыға белгіленген уақыттан бір сағат кешігіп келді. Алматы әуежайы VIP терминалда ел батырларын қарсы алды.

Негізгі назар Александр Герлицте. Паралимпиада ойындарында Герлиц 10 шақырымдық биатлонда қола жүлдеге ие болып қана қоймай, төрт рет 5-орынға ие болды.

Маған бұл Паралимпиада өте ұнады. Пандемия кезіндегі қиын жағдайға қарамастан өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық оқшаулау режимдері сақталды. Тамақ жақсы, ауа-райы ыңғайлы болды. Біз келгенде күн суытып, қар қалың болған еді. Бірақ кейін жылынып, 8 наурыздан кейін біраз қар жауып, шаңғылар жылдам болды, сырғанау жақсарды. Биатлонда басқа қашықтықта тағы бір қоланы алуы мүмкін еді, бірақ бір сәтсіздік жеткізбеді. Шаңғы жарысы бойынша 5-орын алдым. Қарсыластарым мықты дайындалған. Бәрі барын көрсетуге дайындалды. Мен өз ойыныма қанағаттанамын, дейді 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц.