Көптеген адам шаршау сезімі тек өзімізге ұнамайтын жұмыспен айналысқанда ғана болады деп ойлайды. Алайда, өзінің сүйікті жұмысымен айналысып жүрген жандар да бір уақытта бәрінен жалығып кетеді. Оны шығармашылық дағдарыс деп те атайды. Содан қалай шығуға болады? Мына кеңестерге көз жүгіртіңіз.

1. Жағдайды сараптау
Шығармашылық дағдарыс — ұзақ мерзімді күйзеліс кесірінен туған психикалық, физикалық және эмоциялық шаршау. Онымен күресудің алғашқы жолы — өзін-өзі тану. Ол үшін алдымен апта сайын ішкі сезімдерге сараптама жасап көріңіз. Небәрі 20 минут бөліп, өзіңіздің психикалық, физикалық жағдайыңызды бақылау, соны қағаз бетіне түсіріңіз. Ай соңында жағдайығыздың қалай өзгергеніне мән бәріңіз.

Егер физикалық жағдайыңыз нашар болса, ұйқыны реттеп, көбірек қозғалуға тырысыңыз. Тамақтануға да мән беріңіз. Егер бар мәселе психикалық шаршаудан басталса, жұмыс пен жеке өмір аражігін ажыратып алыңыз. Жиі демалыс алып, сүйікті ісіңізге көбірек уақыт арнаңыз.

2. Бонустарды пайдалаңыз
Кез келген жұмыс орны өз қызметкерлеріне арнайы жеңілдіктер ұсынып, бонустар береді. Жұмыс орны ұсынатын бонустар — шығармашылық дағдарыстан сақтайды. Жеңілдікпен фитнес залға жазылыңыз, жеңілдікпен фильмдер көріңіз. Жұмыс орныңызда қандай қызмет түріне мүмкіндік барын біліңіз.

3. Демалыңыз
Көп адам демалыстың маңызын ұмытып кетеді. Уақытылы демалу шығармашылық дағдарыстан сақтайды. Демалыс күніңіз болса да, бастығыңыз тапсырма беруі мүмкін. Сондай жағдайда қанша демалыстан келсеңіз де, өзіңізді шаршаңқы сезінесіз. Сондықтан алдын-ала демалыста байланыста болмайтыныңызды ескерткеніңіз жөн. Демалыс уақытында мұражайға барыңыз, көрші қалаға саяхаттап келіңіз немесе ұйқыңызды қандырыңыз.

Дереккөз: massaget.kz