«Жарқын болашақ: Қытай жібегі мен Ұлы Жібек жолы» баспадан шығып, таратылды

1479

«Бір белдеу бір жол» аясында жарық көрген бұл еңбек Жібек тарихы және Ұлы Жібек жолының тарихы ғана емес, сонымен қатар адамзат өркениетінің тарихы туралы маңызды тарихи материалдық, академиялық сипатқа ие,мәдениттердің таралу тарихы мен құндылығы жазылған аса ауқымды еңбек саналады. Кітаптың авторлық құқығын экспорттау «Бір белдеу бір жол» бойындағы елдер оқырмандарына Жібек жолының тарихын және қытай мен шетелдер арасында болған ауыс-түйістердің барысын таныстыруға қолайлықтар тудырады.

«Жарқын болашақ: Қытай жібегі мен Ұлы Жібек жолы» атты кітабының авторы – Қытай Жібек мұражайының директоры Чжао Фэн. Кітапты Қазақ тіліне аударған қазақстандық белгілі аудармашы Минаш Шақанқызы. Кітап әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті баспасынан басылып шықты.

Чжао Фэн 30 жылдан астам уақыттан бері Қытай жібегі мен Ұлы Жібек жолын зерттеумен айналысып келеді. Ол «Дунхуан жібегі және Жібек жолы», «Тоқыма бұйымдарын сақтаудың техникалық ерекшеліктері туралы зерттеулер» және «Шығыс Қытай тоқыма тоқу технологиясы» атты ұлттық және провинциялық деңгейдегі ғылыми жобаларғажетекшілік етіп келген. Сол негізде «Дунхуан Жібегіжәне Жібек жолы», «Тоқыма бұйымдарын сақтаудың техникалық ерекшеліктері туралы зерттеулер» және «Дунчжоудағы тоқыма тоқу технологиясы бойынша зерттеулер» қатарлы бірқатар еңбектерді жазған болатын.

Чжао Фэн жазған жібек тарихына қатысты зерттеулерде ол жібек тоқудың нақты нысандарын жаңғыртып қана қоймай, сонымен қатар жібек маталар бетінде бейнеленген өрнектерге де талдаулар жасаған. Бұл ежелгі тоқымашылардың асқақ жасампаздық рух-жігері мен даналығын нақты тарихи бөлшектер арқылы көз алдымызда қайта көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп біз шөл даланың әр қиырынан табылған жібек қиқымдарынан бүкіл бір өркениеттің толық келбетін көз алдымызға елестетеміз.

Чжао Фэннің жібек тарихына арналған кезекті еңбегінде автор жібек матаға қатысты көптеген археологиялық олжаларды зерттеп, бұрынғы кезде осы археологиялық олжаларға жасалған зерттеулерде шешімін таппаған тұстарды егжей-тегжейлі зерделеп, «жібектануда» сақталған біраз олқы тұстардытолықтыра алған. Кітапта тоқыма өнері айтарлықтайқарастыратындықтан, адам өмірінің ең негізгі элементі болған «киімнің» тарихи процесін жан-жақты бейнелеп, археологиялық олжаларда кездесетін жүн және кендір маталарға, сондай-ақ кесте тігу өнеріне де терең зерттеу жасаған.

Кітап Ұлы дала өркениетінің ерекше үлгілерінің бірі саналған «Қорған мәдениетіне» жататын ошақтардың ашылуынан бастап, Қытайдың Хань және Цзинь династиялары дәуіріндегі қабірлерден табылған жібекке, қала берді Қытай жібек дизайнына батыстық ою-өрнектің тигізген ықпалына, сондай-ақ жібек бұйымдарының тасымалдану тарихына міне осылардың барлығына жан-жақты тоқталған. Батыселдеріндегі, Орталық Азиядағы, және Таң әулетіндегі жібек маталар өндірудің тамаша жетістіктерін көрсеткен. Таң династиясы дәуіріндегі жібек мата мәдениетінің Жапонияға қалай ықпал еткені, Ляожәне Цзинь әулеті дәуірінде жібектің солтүстіктегі далалық аймақтарға тигізген әсері, Цзинь династиясы мен Моңғол дәуірінде олардың Гореяға қалай әсер еткені, Моңғол империясы мен Парсы елдерінің гүлденуіне байланысты жібек технологиясының алмасуы, Мин және Цин әулеттерідәуіріне жеткенде Батыстың тохма өнерінің қытайғақалай ықпал еткені міне осылардың барлығы осы кітапта егжей-тегжейлі сипатталған.

Жібек жолы – Шығыс пен Батыс арасындағы интеграция, түрлі ауыс-түйістер мен барыс-келістердің диалог жолы болды, және екі мың жылға жуық адамзаттың ортақ гүлденуіне маңызды үлес қосты. Жібек жолы Азия мен Еуропаның экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуындаб.з.д. ІІ ғасырдан бастап б.з. XVI ғасырына дейінгі аралықтағы тарихи барыс-келісінің, мәдениалмасуының куәсі болды.

Кешегі өткен тарихта шөл далада жылжыған түйелі керуендер Жібек жолы арқылы ежелгі дәуірлерде бір-бірінен сәл де болса оқшауланған Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған еді.

«Жарқын болашақ: Қытай жібегі мен Ұлы Жібек жолы» атты айтулы еңбек 7-ші кезекті «Қытайдың тамаша кітап» сыйлығын жеңіп алды. «Жаңа Қытайдың 70 жылында ұсынылған 100 аударылған кітаптың бірі», және «Қытайдың жақсы кітаптарының бірі» болып бағаланды. 2016 жылы бұл кітап Жібек жолынан табылған тоқыма бұйымдардыжан-жақты таныстырған «Қытайдағы жақсы кітап» болып бағаланды.

Кітапта автор Қытай жібегінің дамуын және Жібек жолы бойындағы қолөнер шеберлігінде туындағанөзгерістерді бір шетінен таныстырып отырған. Атап айтқанда, Хань және Тан әулеттері кезіндегі тоқыма технологияларының әртүрлі түрлерін және стильдік сипаттамаларды қабылдауды және өзара алмасудыңпроцесін көрсетіп берген. Шығыс пен Батыс тоқыма технологиясының өзара байланысы, сондай-ақ осы кезеңдегі Қытай тоқыма технологиясының эволюциясы баяндалып, Жібек жолы мен Жібек жолының келбетін айқын көрсетіп, оқырмандардыңЖібек жолындағы мәдени алмасуларды түсінуге мүмкіндік бере алады. Сол арқылы оқырмандарға Жібек жолы туралы жан-жақты танымдық білімбереді. Еңбек Жібек жолындағы мәдени алмасуларды, Жібек жолы қолөнерінің дамуын және олардың арасындағы байланыстарды ашып көрсетіп беген.

Биылғы жыл «Бір белдеу бір жол» мемлекеттік бастамасының 10 жылдығы, осы орайда жарық көрген «Жарқын болашақ: Қытай жібегі мен Ұлы Жібек жолы» атты айтулы еңбектің қазақша нұсқасыҚазақстан оқырмандарына Қазақстан тарихы мен мәдениетінен қосымша мәліметтер бере алатын еңбек саналады. Ол оқырман қауымға Қытай және Қытаймен шетелдердің арасында болған ауыс-түйістер тарихынан да қажетті мағлұматтар бере алады.