ЖаңалықтарЭтникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

-

- Advertisment -spot_img

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен және IQanat қорының қолдауымен шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған жазғы этно-лагер жұмысын бастады.

Отандастар қорының «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осыған дейін 400-ден аса қандас балалар қатысса, биыл Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Иран елдерінен келген 255 этникалық қазақ балаларының басын қосты. Қатысушылардың арасында төтенше жағдай кезінде қазақстандық достарына жылу жинаған моңғолиялық қазақ балалары, Қоғамның түрлі байқауларына қатысып, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдеген қаракөз қандастарымыз бар.

Лагерь 2024 жылғы 24 маусым және 7 шілде аралығында Бурабайдағы «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында өтеді. Балалар екі аптада қазақ тілі, тарихы мен салт-дәстүрін үйреніп, ұлттық ойындар мен музыкалық аспаптарда ойнайды, атқа мініп, киіз үй құрады, еліміздегі жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін білім көрмесіне қатысады және ең бастысы әлемнің көптеген елінен достар табады

25 маусым күні лагердің ресми ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек және Нұргүл Тау, Россотрудничествоның Астанадағы өкілдік басшысы Ольга Филонова, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров және IQanat мектебінің директоры Зайкен Жанат қатысып, балаларға ақжарма тілектерін білдірді.

Ақпарат ретінде:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Қоғам) шетелде тұратын отандастарымызға жүйелі түрде мәдени-гуманитарлық және ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетуде. Этникалық қазақ балаларына түрлі танымдық жобаларды ұйымдастыру олардың атамекенін танып-білуіне оңтайлы мүмкіндік туғызуда.

admin
adminhttp://jas.kz
Жақсы Ақпараттар Сайты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Latest news

Заманауи театр құрылымын көркем басқаруды жүзеге асыру мәселелері

Заманауи театр құрылымы режиссура мен актерліктен бастап, техникалық қолдау мен маркетингке дейінгі әртүрлі кәсіби салаларды қамтиды. Қазіргі театрдағы көркемдік...

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің онжылдық жетістігі

Серпінді әлеуметтік арқасында университеттің рухани-адамгершілік платформасы негізінде іске асырылатын жобаларға үлес органдардың жұмысына тартылған студенттерстуденттік өзін-өзі басқару, клубтық және...

«Ұлттық құндылық-қайырымды қоғам» атты семинар-практикумы өз мәресіне жетті

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық-қайырымды қоғам» атты семинар-практикумы өтті. Іс-шараның мақсаты: -ұлттық құндылықтарды іске асыру шеңберінде...

Қарттарым – асыл қазынам

Халықаралық қарттар күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Шапағат»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

«Жарқын болашақ: Қытай жібегі мен Ұлы Жібек жолы» баспадан шығып, таратылды

«Бір белдеу бір жол» аясында жарық көрген бұл еңбек Жібек тарихы және Ұлы Жібек жолының тарихы ғана емес, сонымен...

Данияр Саламаттың «Талақ» тарихи көркем фильмі көрерменге жол тартпақ

Отандық белгілі режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» толықметражды тарихи көркем фильмі көрерменге жол тартпақ. Режиссер бұл туындысын қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет...

Must read

Заманауи театр құрылымын көркем басқаруды жүзеге асыру мәселелері

Заманауи театр құрылымы режиссура мен актерліктен бастап, техникалық қолдау...

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің онжылдық жетістігі

Серпінді әлеуметтік арқасында университеттің рухани-адамгершілік платформасы негізінде іске асырылатын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

You might also likeRELATED
Recommended to you