Жол саласы қызметкерлері арасында волейбол және шағын футболдан республикалық турнир өтті

792

Жол саласы қызметкерлері арасында волейбол және шағын футболдан ҚР ИИДМ Автомобиль комитеті төрағасының кубогына арналған республикалық турнир.

Осы  жылдың 25 және 26 қарашасында волейболдан және шағын футболдан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогы үшін республикалық турнирдің финалы өтті. Аталған турнирге еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 16 команда волейболдан және 16 команда шағын футболдан (+265 адам) қатысты. Олардың қатарында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы, «ҚазАвтоЖол», «Мемсараптама» РМК, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, ҚазЖолҒЗИ, ҚазақАвтоЖол қызметкерлері бар.
Волейболдан келесі командалар жүлделі орындарға ие болды.

1 орын – Жамбыл облысының командасы
2 орын – Шығыс Қазақстан облысының командасы
3 орын – “Мемсараптама” РМК

Шағын футболдан жүлделі орын алғандар:
1 орын – Ақылы жолдар дирекциясы
2 орын – Маңғыстау облысы командасы
3 орын – Ақмола облысының командасы.

Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жол саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұжымдық қарым-қатынасты орнату.