Ішкі істер министрлігі тергеу басқармасының басшысы Санжар Әділов қаржы пирамидаcының тоғыз негізгі белгісін атады. Бұл туралы Elorda.info хабарлады.
1. Алып келген клиенттер үшін сыйақы уәдесі – бонустар.
Компанияға алып келген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берсе, онда бұл ол жерге ақша салудан бас тартып, таныстарыңызды мұндай қауіпті дүниелерге жоламауға үгіттеуге негіз болады.
2. Нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары кепілдендірілген жоғары табыс
Әртүрлі «инвестициялық компаниялар» табыс табуға кепілдік бере алмайды, заңмен бұған тыйым салынған. Егер біреу кепілдік берсе, бұл – алаяқ.
3. Қажет лицензиялардың болмауы
Егер компания халықтан ақшалай салымдар тартса немесе қор нарықтарына инвестиция салуды ұсынса, бірақ оның лицензиясы болмаса, онымен байланысудың қажеті бар-жоғын үш рет ойланыңыз. Мұндай ұйымдар Қаржы мониторингі агенттігімен бақыланбайды, яғни жәбірленушілердің құқықтар мен мүдделерін ешкім қорғай алмайды.
4. Кіру жарнасының болуы: рәсімдеу, оқыту, акциялар үшін
Әдетте, бұл жарна пирамиданы ұйымдастырушылардың негізгі табысы. Сонымен қатар қаржы пирамидасына тән нақты белгі.
5. Меншікті қаржысы, бағалы активтерінің болмауы
Соңы сәтсіз аяқталса компанияның қолда бар мүлкі мен активтері сатылып, ең болмағанда салынған ақшаны ішінара қайтаруы мүмкін. Бірақ қаржы пирамидасында мұндай активтер жоқ.
6. Агрессивті жарнама науқаны
Қаржы пирамидалардың жарнамасы тұтынушыларды жылдам тартуға арналған және пирамидалардың негізін қалаушыларға ғана пайдалы ақпаратты ғана қамтиды.
7. Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы
Қаржы пирамидасының өз салымшыларынан басқа клиенттері жоқ. Сізге ешқашан жеткізушілерін, басқа бизнес серіктестерін көрсетпейді. Компанияға ақша салмас бұрын ол туралы мүмкіндігінше көбірек ақпарат білу керек.
8. Тек жеке кездесу арқылы консультация беру
Жеке кездесу кезінде клиенттің сеніміне кіріп, оны ақша салуға көндіру үшін түрлі психологиялық айла-амалдарды қолдану оңайырақ.
9. Олар «келісімшартқа» ойланып-толғанбай қол қоюға шақырады
Асығыс шешім қабылдамаңыз. Келісімшарт үлгісін сұраңыз және оны мұқият оқып, зерттеңіз. Кейбір ережелері сізге қиындық тудырса, маманмен кеңесіп көріңіз.