«ҚазТемірТранс» экс-вице-президенті 5,2 млрд теңге ісі бойынша халықаралық іздеуде

Басқа ақпараттар

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті А.А.Капеновке қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Jas.kz.

Тергеу амалдарына сай, А.А. Капенов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған.

Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген.

«Қазіргі уақытта А.А. Капенов халықаралық іздеуге жарияланған. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді», — делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз