Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Алматы облысында ескі көліктерді өткізу бағдарламасы жүріп жатыр

Басқа ақпараттар

Алматы облысында ескі көліктерін өткізіп жатқан халықтың қарасы қалың. Бағдарлама жүзеге асқаннан бері 1597 көлік қабылданған. Кербұлақ ауданының тұрғыны Базаргүл Ахметова да көлігін өткізу үшін арнайы  Талдықорғанға келген. Қызылжар ауылының тұрғыны ескі көлігімен қалаға жеткенін айтады.

«1985 жылғы машина. Біздің отбасымыздың алғашқы көлігі. Түрі ескі болғанмен, темір тұлпардың  жағдайы жақсы. Бұл отбасымыздың құтты көлігі. Балаларымызды да осы көлікпен апарып қалаға оқуға түсірдік. 20 жылға жуық бізге қызмет еткен темір тұлпарды  құдағиымыз екеуіміз қазір өткіземіз. Менің ойымша, нарықта бұл көлікті 150 мың теңгеге өткізе алмас едім», — дейді Б. Ахметова.

Қызылжарлық тұрғын бағдарламаның өте тиімді екенін айтады. 150 мың теңгеге көлігін өткізіп, оның үстіне қаражат  қосып басқа көлік алуға ниетті. Жалпы ескі көлікті қабылдау бекетінің Талдықорған өңірі бойынша менеджері Бауыржан Нұрахметов қабылданған көліктердің 80 пайызы Кеңес Одағы кезінде шығарылған автомобиль маркалары екенін айтады.

«Қалғаны шетелде құрастырылған бірақ жылы ескіріп тозығы жеткен көліктер. Жуырда бір тұрғын 1985 жылы құрастырылған «Porshe-924 »  маркалы көлігін өткізді», — дейді ол.
Ескі көліктер бағдарламаға сәйкес екі санат  бойынша қабылданып жатыр. Егер көліктің жабдықтары толық болған жағдайда 150 мың теңгеге бағаланады. Ал егер тек қаңқасы, қозғалтқышы және жылдамдық реттегіші болса, 48 мың теңге болады. Алматы облысының халқы қазір көліктерін толықтай, яғни барлық бөлшектерімен өткізіп, 150 мың теңгеден алуда. Өз кезегінде жетісулықтар ескі көліктерді сатып алу бағдарламасында белсенділік танытуда.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз