Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Демалыс лагерьлері — балалардың игілігі үшін

Басқа ақпараттар

Алматы облысында жазғы демалыс лагерлері жұмысын бастады. Балалар мен жасөспірімдердің белсенді де толыққанды демалуына, денсаулығын нығайтып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тынығу орындары «Нұрлы жаз — 2017» атты ортақ тақырыппен іске кірісті. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінің саны 30 болса, биылғы жылы оларда 55 мың бала демалады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар 250 мың оқушы облыс лагерьлерінде демалады. Бұл орайда халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жататын 30 мың бала жазғы демалыспен қамтылатын болады.

Жазғы демалыс аясында күні кеше басталған «Экспо — 2017» көрмесін облыстың бес мың оқушысы тамашалауға мүмкіндік алып отыр. Ол үшін облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күні олардың 200-і алғашқы Халықаралық көрмеге куә болуда. Қалған оқушылар да кезең-кезеңімен Елорададағы көрмені тамашалауға жіберілетін болады.

Бұдан бөлек демеушілердің көмегімен 3,5 мың бала Астанаға барып қайтады.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз