Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Алматы облысында 44 мектеп салынып жатыр

Басқа ақпараттар

Мәжіліс депутаттары өңірлердің тыныс-тіршілігімен танысып жүр. Қуаныш Сұлтанов пен Зағипа Балиева Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болып, құрылыс нысандарын аралап көрді.

Қазіргі уақытта Алматы облысында 44 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 31-і «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында салынады. Оған Ұлттық қордан 28 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Екі мектеп республикалық, ал қалған 11 мектеп облыстық бюджет есебінен бой көтереді.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мектеп оқушыларының саны көбейіп келе жатыр. Бұл – біздің ең үлкен ұлттық әлеуетіміз. Қазіргі кезде мына кездесулерде сайлаушылардың көптеген сұрақтарын сараптап жатырмыз.

Алматы облысындағы жұмыс сапарында Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Зағипа Балиева Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы мектеп құрылысымен танысты.

Елді мекендегі білім ордасының 300 орынға арналған қосалқы ғимараты «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарына ұлттық қордан 710 млн теңге бөлініп отыр. Мердігер кәсіпорын «Құрылысшы» ЖШС басшысы Санжар Сраиловтың мәліметінше, жұмыстар 2016 жылдың маусым айында басталған. Қазіргі таңда олардың  70 пайызы орындалған. Құрылысшылар нысанды 25 тамызға дейін өткізуді жоспарлап отыр. Мектептің барлық ғимараттарымен толық танысқан халық қалаулылары жұмысты жеделдету қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, мемлекет қаржысына салынып жатқан нысанның сапасына ерекше мән беруді тапсырды.

Сапар барысында Мәжіліс депутаттары Еңбекшіқазақ ауданының активімен кездесті. Жиын барысында Қуаныш Сұлтанов пен Зағипа Балиева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылап, басқа да мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тоқталды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img