Жангелдиндегі төрт адамды өлтіру ісі: сот айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Басқа ақпараттар

Атырау облысында қоғамда үлкен резонанс тудырған Жангелдин ауылындағы бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Сот Сұлтан Сәрсемәлиевті аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы өзінің азаматтық жұбайының туыстарын ерекше қатыгездікпен өлтірген. Тергеу барысында марқұмдардың денесінде шамамен 60 пышақ жарақаты болғаны анықталған.

Бұдан бөлек, Сәрсемәлиев алаяқтық, ұрлық, мал ұрлығы, құжаттарды заңсыз иемдену және жасыру баптары бойынша да кінәлі деп танылды. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиева және олардың екі ересек баласы 2025 жылдың күзінде із-түзсіз жоғалып кеткен. Туыстары желтоқсан айының соңында полицияға арыз түсірген.

Тергеу барысында отбасының барлық малының сатылып кеткені, ал жоғалған азаматтардың ұялы телефондары еліміздің әртүрлі өңірлерінде қолданылғаны белгілі болды. Кейін іс «адам өлтіру» бабына қайта сараланды.

2026 жылдың 6 қаңтарында полицейлер ерлі-зайыптылардың мәйітін шаруашылық құрылысынан тапты. Осыдан кейін күдік олардың бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке түсті. Ол алдымен республикалық, кейін халықаралық іздеуге жарияланды.

Күдікті 2026 жылдың ақпан айында Индонезия аумағында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды. Оның бес баласы мемлекет қамқорлығына берілді.

Сот процесі биылғы 18 мамырда басталып, екі айға жуық уақытқа созылды. Сот отырысында Сәрсемәлиев қайын атасы, қайын енесі және қайын сіңлісін өлтіргенін мойындады. Ал қайнысы Наурыз Мұқанғалиевтің өлімін өзін-өзі қорғаумен байланыстырды.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз