Жасанды интеллект технологияларының көмегімен сервис сіздің біліміңізді, жұмыс тәжірибеңізді, дағдыларыңыз бен мансаптық қызығушылықтарыңызды ескере отырып, қолайлы жұмыс табуға көмектеседі.
Сонымен қатар, Мансаптық профиль кәсіби дамудың бағыттарын айқындап, жұмысқа орналасу бойынша сұхбаттасуға дайындыйды және жұмысқа орналасу жолындағы ілгерілеуіңізді бақылауға көмектеседі.
Қазіргі уақытта сервис Павлодар облысында жұмыс істейді. Жақында Маңғыстау облысында іске қосылып, артынан Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді болады.
