Солтүстік Осетия – тылсым мен жұмбаққа толы мекен. Қола дәуірінде Даргавстың көп тұрғыны болған. Бұны көптеген зәулім сарайлары мен археологиялық ескерткіштерінен байқауға болады. Бұл қаланың «өлілер қаласы» аталуына себеп көп.
Табиғаттың өзі Даргавс мекеніне адам жақындатуға қарсы. Бұл тегін болмаса керек, өйткені Кавказдың ең үлкен зираты дәл осы жерде орналасқан.
2002 жылы қыркүйекте Колка мұздығының құлау әсерінен қалаға әкелетін жол жойылды. Бүгінде қалаға тау арасынан өтетін 14 километрлік жалғыз жолмен баруға болады. Қорқынышты мекенге табиғаттың тосқауылына қарамастан сапар шеккендер басынан ең азы телефон қуатының кенеттен бітуі, машинаның істен шығуы, басқаруға келмеуі, денсаулықтың нашарлауы секілді келеңсіздіктерге кезігеді.
Даргавс тауының етегіндегі көне зиратта 97 мазар бар. Жергілікті тұрғындар бұл жерден алыс тұрады және мұнда келмейді. Олардың айтуынша, бір кеткен адам қайтып оралмайды-мыс. Тылсымға толы мекенді зерттеу 1960 жылы басталған. Оған дейін адам аяғы баспаған жерден сәулет тұрғысынан мінсіз мазар құрылысын байқаған.
Ғимараттың берік болуы үшін құстардың жұмыртқасы, қаймақ, сүт пен ақ балшық қоспасын қолданған. Дененің ұзақ сақталуы үшін желдеткіш пен микроклимат жүйесін де қарастырған. Бір мазардың ішінен 95 дене табылған. Кейбірін кемемен бірге жерлеген. Алайда, көршілес орналасқан ұлттардың біреуі де жерлеудің бұл түрін қолданбаған. Ғалымдар бұл ерекшеліктің қай тайпаға тән екенін зерттеуде.
Тұрғындар мекенді қарғысқа үшыраған деп санайды. Үлкендердің айтуынша, бұл мекенде көрікті бойжеткен өмір сүрген. Елдің назарында болған сұлуға ешкім ұнамай, тауы құлағандар сұлумен қоса бұл қалаға да лағынет айтқан.