Среда, 25 июня, 2025
No menu items!

Алматыда метро қашан ашылады?

Басқа ақпараттар

Алматыда метро 17 қаңтарда ашылады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы метрополитені 17 қаңтарында сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жолаушылар үшін ашық болады. Пойыздардың қозғалыс аралығы қарбалас уақытта 10 минут, қалған уақытта 13 минут. Метро жұмыс кестесінде өзгерістер болса, қосымша хабарланады.

Сонымен қатар, 17 қаңтардан бастап қаладағы қоғамдық көліктер, соның ішінде троллейбустар мен қала маңындағы көліктер сағат 21:00-ге дейін қатынайды. Осылайша, қалалық маршруттардың жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңындағы маршруттардың жұмыс кестесі 09:00-ден 21:00-ге дейін болады.

Соңғы жарияланымдар

Қызылордада құқық қорғау саласындағы жетістіктер мен міндеттер талқыланды

Қызылорда қаласының «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары»...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз