Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

«Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Қайырбек Дәулет Жамаубайұлы Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD докторы.

2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

Сондай-ақ, «Нұрсұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы»ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.