Қазақстанда «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылуы мүмкін

Басқа ақпараттар

Елде «Әділет» атты жаңа саяси партия құру жөнінде бастамашыл топ ресми мәлімдеме жасады. Жаңа ұйым өзін прогрессивті реформаларды қолдайтын, Әділетті Қазақстан құру идеясын ілгерілететін, заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуді мақсат ететін саяси күш ретінде таныстырып отыр, деп хабарлайды Jas.kz Kazinform ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Партияның негізгі мақсаты — жаңа Конституция қағидаттары мен Әділетті Қазақстан құндылықтарына сүйене отырып, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

Ұйым миссиясы — 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция нормаларының толық орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар партия прогрессивті жастарды, түрлі сала мамандарын, қала және ауыл тұрғындарын, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіруді көздейді.

— Біз барлық жауапты азаматтардың күшін біріктіріп, қуатты экономикасы бар, мүмкіндіктері кең, халықаралық деңгейде беделі жоғары Әділетті мемлекет құруды мақсат етеміз, — делінген бастамашыл топтың мәлімдемесінде.

Партия мынадай басым бағыттарды айқындады:

  • барлық қазақстандықтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және кландық, өңірлік ықпалдарды азайту;
  • тәуелсіз, тиімді әрі әділ құқық қорғау және сот жүйесін қалыптастыру;
  • экономикалық әділеттілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету.

Жаңа партия саяси күн тәртібін қалыптастыруда азаматтық қоғаммен, сарапшылармен және мамандармен белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

16 сәуірде бастамашыл топ Әділет министрлігіне партияны тіркеу рәсімін бастау туралы өтініш жолдап, жақын уақытта құрылтай съезін өткізуді көздеп отыр.

Бастамашыл топ құрамына «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті К. Жаманқұлова, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Р. Кенжехан, саясаттанушы М. Шибутов, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Л. Қарабасова, АХҚО басқарушысы Р. Бектұров, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д. Закиева, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен сарапшылар кірген.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз