Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Әлеуметтік салалардың мәселелері қаралды

Басқа ақпараттар

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен бірнеше мәселе қаралған селекторлық кеңес өтті.

Алғашқы сұрақта өңірдегі білім беру және денсаулық сақтау нысандарының жылыту маусымына дайындығы мәселесі талқыланды.

Сөз алған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл  Омарованың айтуынша, өңірде түрлі отын көздерімен жылытылатын 1002 білім мекемесі бар. Нысандарға отын жеткізу процесі жүріп жатыр. Өрт қауіпсіздігіне орай мектеп ғимараттарының ішіндегі қазандықтарды сыртқа шығару мәселесіне байланысты биылғы жылы 48 жылжымалы қазандық сатып алып орнату үшін бюджеттен 182,3 млн. теңге бөлінген. Қазіргі кезде соның ішінде 25 қазандық сыртқа шығарылды. Ал 32 жылыту қазандығын ауыстыруға 143 млн. теңге бөлінсе, бүгінгі күні 29 қазандық ауыстырылып үлгерген.

Сол сияқты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің хабарламасына сүйенсек, 664 нысан жылыту маусымына дайындық үстінде. Конкурс қорытындысына сәйкес 2017-2018 жылыту маусымы үшін денсаулық сақтау нысандарына дизель отынын жеткізу жұмыстарымен мердігер мекеме «КазСтройGroup» ЖШС компаниясы айналысуда.

Жақсылық Омар аталмыш мәселе бойынша аудан, қала әкімдері орынбасарларын тыңдады. Жылыту маусымына дайындық мәселесімен аудан, қала әкімдері мен орынбасарлары, облыстық білім, денсаулық сақтау, энергетика және ТҮКШ басқармалары тікелей айналысуға тиістігін айтты. Сонымен қатар Сарқан, Райымбек және Ұйғыр аудандарына ерекше назар аударып, маусымға дайындық барысына кедергі болып тұрған мәселелердің барлығын қысқа мерзім ішінде жоюды тапсырды.

Мұнан соң мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша ашылуы жоспарланған мектепке дейінгі мекемелердің жайы қаралды. Жалпы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша, облыстағы балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылу көрсеткіші 92,5 % құрап отыр, ал жыл соңында бұл 95 % жетуі тиіс. Жыл басынан бері мектепке дейінгі 78 нысан ашылса, соның 75-і – жекеменшік. Оған қоса жыл соңына дейін тағы 30-ға жуық балабақша ашу жоспарланып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар әр аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен білім бөлімі басшыларынан осы жоспарланған нысандарды ашуға дайындық жайын пысықтады.

Сонымен қатар жаңадан пайдалануға берілген мектептердің құжаттарын заңдастыру мәселесі де егжей-тегжейлі қаралып, кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы да сөз болды. Барлық құжаттарды ретке келтіруге 1 қазанға дейін уақыт берілді.

Селекторлық жиын барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша жобалар ұсынуда артта қалып жатқан аудандар мен ұсынылған жобалардың сапасы жайлы айтылды. Бұл орайда Ақсу, Көксу, Қаратал аудандары және Текелі қаласының жұмыс сапасына сын айтылды. Жалпы облыс бойынша ұсынылған жобалар ішінде нысандардың құрылысы, көшені жарықтандыру, жол төсеу, балалар аулаларын жасау және тағы басқалары бар.  

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img