Воскресенье, 23 марта, 2025
No menu items!

ҰҚШҰ құрамындағы Ресей бітімгерлері Алматыдан ұшып кетті

Басқа ақпараттар

ҰҚШҰ құрамындағы Ресей бітімгерлері Алматыдан Мәскеу облысындағы «Чкаловский» әуежайына ұшып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгершілік күштері құрамындағы ресейлік бөлімшелер Ресей әскери-көлік авиациясы ұшақтарына әскери техниканы тиеп, Алматыдан ұшып шықты», — делінген хабарламада.

Армения, Беларусь және Өзбекстаннан келген бітімгерлер 14 қаңтарда еліне оралды. Барлық бітімгер бөлімшені тұрақты орналасу пунктіне қайтаруды 19 қаңтарға дейін аяқтау жоспарланған.

«Алматы» аэродромынан барлығы 19 ұшақ ұшып кетті, олар Ресей Федеациясына ҰҚШҰ күштері құрамындағы ресейлік бітімгерлерді жеткізеді, деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

«Қазіргі уақытта Ресей әскери-көлік авиациясының 19 ұшағы (18 Ил-76 ұшағы және 1 Ан-124 «Руслан» ұшағы) Алматы аэродромынан ұшып шықты», — делінген хабарламада.

Бүгінде ұшақтар әуе күштері бөлімшелерінің жеке құрамы мен жабдықтарын Мәскеу облысындағы «Чкаловский» аэродромына жеткізіп жатыр.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз