Ақпан айының соңына дейін жолаушылар кейбір тальго маршруттарындағы жеңілдіктерді пайдалана алады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы ақпан айының соңына дейін Тальго коммерциялық пойыздарына келесі бағыттар бойынша жеңілдіктер жасалатынын хабарлайды:

№ 29/30 «Алматы 2-Атырау» 35% дейін;

№ 51/52 «Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1-Орал» 28% дейін;

№ 69/70 «Алматы-Өскемен 1» 51% дейін;

№ 111/112 «Алматы 2-Маңғыстау» 43% дейін;

№ 105/106 «Алматы 2 – Петропавл» 46% дейін;

№ 711/712″ Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент » 43% дейін.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.

Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз.