Жастарды жұмысқа орналастыруға арналған «Жастар практикасына», «Ал­ғаш­қы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобасынан бөлек «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға» бағдарламалары болса да, жастар арасындағы жұмыссыздық азаяр емес. Неге?

«Айқын» газеті тілшісінің жазуынша, бұл бағдарламалар түлектің тұрақты жұ­мыс­пен қамтылуын емес, тек тәжірибеден өту индикаторын ғана есепке алады, сондықтан мәселе шешілмей тұр.

«Бақсақ, мәселе түпкі мақсаттың дұрыс еместігінде сияқты.

Жыл сайын пәленбай адамды мында, түгенбайды анда жібердік дейтін статистикалық сандардың түпкілікті нәтижесі тұрақты жұмыс­қа орналастыру болуы керек емес пе? Бірақ  біз түлектің тұрақты жұ­мыс­пен қамтылуын емес, тек тәжірибеден өту индикаторын ғана есепке аламыз. Мемлекет бағдар­ламаға қаражат бөлді, мынша адам қатысып, ол игерілді. Тіпті, асырып орындалды дейміз. Сонымен жылды жабамыз.

Жұмыс іздеуге шорқақтығымыз, сонымен қатар жеңіліне жүгіре­тініміз тағы бар. 50-60 мың теңге айлыққа «күзет» деген жазуы бар форманы киіп жүруден арланбаймыз», делінген материалда.