Басты бет Жаңалықтар Тарихи сәт! Қазақстан алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалына шықты

Тарихи сәт! Қазақстан алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалына шықты

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан мен Германияның бірінші ракеткалары ойнаған үшінші матчта Елена Рыбакина Анжелика Керберді 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Матчтағы есеп Қазақстанның пайдасына 3:0 болды. Бірінші күні Юлия Путинцева Керберді 3:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңсе, Рыбакина Лаура Зигемундтан басым түскен болатын — 6:0, 6:1.

Енді қазақстандық теннисшілер әлемнің үздік 12 командасының қатарында өнер көрсетеді. Бұл кезеңнің матчтары 8-13 қараша аралығында өтеді.

Exit mobile version