Түркістан облысында «Саратов – Алматы» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Басқа ақпараттар

Түркістан облысында «Саратов – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, олардың арасында бала да бар, деп хабарлайды Jas.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Жаңақорған – Түркістан теміржол учаскесінде болған. №8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен.

Аталған вагонда 36 жолаушы болған, олардың 13-і балалар. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам зардап шеккен. Бір әйел басынан жарақат алса, көрші вагонда болған бала қайнаған суға күйіп қалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр. Жолаушылармен пойыз бригадасы жұмыс жүргізуде.

Теміржолшылардың мәліметінше, жағдай бақылауда және қажетті шаралар қабылдануда.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз