Дәстүрлі форматта оқитын студенттер ПТР тапсыруы керек пе?

161

Дәстүрлі форматта оқитын студенттерден ПТР тест талап етілмейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ОКҚ-де өткен брифингте айтты.

«Карантин талаптарына сәйкес оқу орны ғимаратында, кітапхана және жатақхананың кіре берісінде Ashyq қосымшасының болуы және оны қолдану міндетті. Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37-ден жоғары) адамдарды оқу ғимаратына кіргізуге болмайды. Сонымен қатар маска режимі сақталады. Және студенттерден ПТР тестін талап етуге жол берілмейді», – деді ол.