Паралимпиадашы Александр Герлицке бір бөлмелі пәтер беріледі

Басқа ақпараттар

Бейжіңдегі Паралимпиаданың қорытындысы бойынша спортшылар мен жаттықтырушылар мемлекеттен 131 млн.теңге алады және «Дене шынықтыру және спорт саласы туралы» Заңға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Александр Герлицке бір бөлмелі пәтер береді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі жазды.

Өз кезегінде Александр Герлиц қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, құраманың барлық жаттықтырушылар штабының үйлесімді және кәсіби жұмысын атап өтті.

Айта кету керек, Александр Герлиц парабиатлонда 10 шақырым қашықтықта көрсеткен нәтижесінің арқасында үшінші орын алды. 2022 жылғы Паралимпиада қорытындысы бойынша Александр Герлицке «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз