Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Бейжің-2022: Олимпиадада бір өзі 4 алтын еншілеген спортшы кім?

Басқа ақпараттар

Бейжің қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында норвегиялық биатлоншы бір өзі төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін норвегиялық биатлоншы Йоханнес Бе Қытай астанасы Бейжіңдегі Олимпиадада масс-старт жарысында топ жарды. Ол 15 шақырымды 38 минут, 14,14 секундта жүгіріп өтті. Бұл оның Бейжің Олимпиада ойындарындағы төртінші алтын медалі. Ол осыған дейін аралас эстафета, спринт және жекелей жарыста бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ, осыдан тура 4 жыл бұрын Пхенчхан Олимпиадасында да биатлоннан 20 шақырымдық жекелей сында топ жарып, тағы да чемпион атанған еді.

Осылайша ол Қысқы Олимпиада ойындарының 5 дүркін чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Бес алтыннан бөлек қоржынында Олимпиада ойындарының 2 күміс, 1 қола медалі бар.

Тағы бір айта кетерлігі, Йоханнес Бенің Тарджей есімді туған інісі де Олимпиада ойындарында сынға түсіп жатыр. Оның еншісінде 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар. Осылайша бір отбасының мүшелері Олимпиада ойындарының 14 медалін еншілеген.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз