Республикалық еңбекші жастар форумының қатысушылары жастарға үндеу жолдады.
Қазақстанның еңбекші жастары — кәсіподақ мүшелері үндеуінің толық мәтіні:
«Құрметті құрдастар, қымбатты достар!
Қаңтар айының қасіретті күндерінде Қазақстанның болашағын ойлайтын әрбір жан еліміздің жауларының бейбіт шерулер мен жастарды қалаларымыздағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін, ал қордаланған қайшылықтарды, әділеттілік сезімін және игі өзгерістерге деген тілекті — қақтығыстарға, тәртіпсіздіктерге және бүліктерге пайдалану әрекеттерін анық көрді.
Қазіргі күрделі және қиын кезеңде біз жастарды сындарлы ойлауға, өз мүдделерін баррикада арқылы емес, бейбіт жолмен қорғауға, кәсіподақтарға бірігу немесе жастар құрылымдарымен бірлесіп мәселелерді шешуге шақырамыз.
Біз тұрақты диалогта бірге болу және әр буынның барлық азаматтарының мүдделерін құрметтеу, заңды бұзбай, пайдалы шаруалармен айналысу, яғни тамаша оқу, адал еңбек ету арқылы ғана халқымыздың, аға буынның үлкен үміті мен сенімін ақтай аламыз.
Біз ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қуатты және өркендеген мемлекет құру бағытын қолдаймыз.
Тәуелді көзқарастарды, мақсатсыздықты және жұмыс істегісі келмеуді қабылдамаймыз.
Бүгінде халқымыз, сүйікті Отанымыз, Президент бізден, өскелең ұрпақтан үлкен жетістіктер күтеді.
Біздің заманымыз, Жаңа Қазақстанды құратын, сонда өмір сүретін адамдардың заманы келеді.
Өзгерістерді өзімізден бастап, болып жатқан жағдайға жеке жауапкершілік таныту арқылы ғана біз қуатты, тәуелсіз Қазақстанда жаңа шындықты қалыптастыра аламыз!
Отанға аянбай қызмет ету, кез келген сынақтар мен қиындықтарды табандылықпен жеңу – өміріміздің мақсаты болсын.
Өмірді жақсы жаққа бірге өзгертейік!», делінген үндеуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат