Кәсіп үйренемін деуші қыз-келіншектерге биыл «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының бастамасы, The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жүргізілетін «Coca-Cola Белестері» бағдарламасы аясында 20 грант беріледі.
«Жоба аясында екі бағыт бойынша оқытамыз. Біріншісі — «Жаңадан бастаушыларға арналған бизнес негіздері», екіншісі «Жеке қосалқы шаруашылықтар» деп аталады. Оқыту онлайн режимінде болады. Жобаға ccb.kz сайты арқылы қатысуға болады. Онда әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеялар байқауына өтінімдер қабылдау басталады. Биыл «Coca-Cola Белестері» байқауының жеңімпаздарын 20 грант күтіп тұр, олар ауыл әйелдерінің мерейтойлық 5- форумында табысталады, — деп мәлімдеді «Жасыл» экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.
Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 50 мыңнан астам әйел білім алған, 97 әйел өзінің алғашқы бизнесін ашуға грант алған.