Басты бет Жаңалықтар Елімізде Наурыз есімді қанша адам бар?

Елімізде Наурыз есімді қанша адам бар?

Ұлттық статистика бюросы көктем мен жаңару мерекесі қарсаңында Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұратындығы туралы инфографика дайындады.

Мәліметке сүйенсек, Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-і ер адам, 36-сы әйел адам.

Наурыз есімді адамдардың көбі Маңғыстау облысында – 278 адам, Түркістан облысында – 190 адам, ал Қызылорда облысында – 160 адам тұрады.

Айта кетейік, 01.01.2021 – 01.01.2022 жылдар аралығында Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген.

Exit mobile version