2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Жастар» санатына жататын 34,9 мың адам 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның (бұдан әрі – ұлттық жоба) қатысушыcы болды. Оның 24 мыңы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 10,7 мыңы – тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 13,3 мың жас жіберілді, олардың 3,6 мыңы «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары шеңберінде мемлекеттен қолдау алды. 1,7 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 8 мың адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу мерзімі тиісінше 12 айға дейін және 18 айға дейін, қатысушылардың жалақысын субсидиялау мөлшері – 30 АЕК-ке дейін, сондай-ақ бизнес-бастамаларды іске асыру үшін гранттар мөлшері 2 есе яғни 400 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (1,2 млн теңге).