Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде ІІ Халықаралық жиынын республика бойынша студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды жинады.
Жиын Ғылым және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру бөлімі және Университет институттарының ғылым және инновация мамандарының ұйымдастыруымен онлайн форматта және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.
Шара бағларламасы бойынша қатысушылар SCIENCE секцияларына қатысады. Атап айтқанда, қазақ филологиясы және әлем тілдері бағытында S – strength of language секциясы, әлеуметтік — гуманитарлық ғылымдар бойынша C – capacity of social science секциясы, ақпараттық технологиялар, физика, математика саласында I – information learning and STEM секциясы, педагогика және психология бағытында E – Efficiency of teaching секциясы, химия, биология, география, экология бағыты бойынша N – natural science секциясы және өнер және мәдениет саласына C – culture and art секциясы, E – E-S Talks (education and scientific talks) бағыттарына арналып жұмыс жасады.
Қатысушыларға кездесуге бірнеше форматта қатысу мүмкіндігі берілді: жекелеген секцияларда баяндам қорғау, пленарлық мәжілісте баяндамасын қорғау, конференция жинағына мақала ұсыну.
Zoom платформасында өткен «Educational Leadership» тақырыбындағы пленарлық мәжіліс спикерлері қатарында Университетіміздің өкілдерінен бөлек Қазан федералды университеті студенттері, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері болды. «Әл-Фарабидің этикалық көзқрастары», Оқушылардың биология бағыты бойынша жобалау мен зерттеушілік қабілеттерін арттыруға бағытталуы, Желілік коммуникациядағы жастар тілі: лингвоэкологиялық аспект, билингв студенттер үшін білім беру саласына физика пәнін оқыту әдістемесін жинақтап, енгізу мәселелері жиын талқылаған тақырыптар аясының ауқымдылығын айқындады.
Мәжіліс секциялық баяндамаларды қорғаумен жалғасты. Тақырып өзектілігі, баяндауышының дайындығына байланысты әр секция бойынша жүлделі 1,2,3 орындармен 18 қатысушы марапатталды.