Лондонда жеңілген АҚШ боксшыларының кәсіпқой бокстағы жетістігі

443

2012 жылы Лондон Олимпиадасында өнер көрсеткен 9 АҚШ боксшысының бірде-біреуі жүлдеге ілікпей масқара болып еді. Әйтсе де, оның көпшілігі кәсіпқой рингте жұлдызға айналды. Сол боксшылардың жетістіктерін Қанат Байұзақ назарларыңызға ұсынады.

52 келі. Роши Уоррен
1/8 финал: 🇨🇵Нордин Убаали 18:19

Кәсіпқой рингтегі жетістігі:
WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

56 келі. Джозеф Диас
1/8 финал: 🇨🇺Ласаро Альварес 15:21

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы

60 келі. Хосе Рамирес
1/8 финал: 🇺🇿Фазлиддин Гаибназаров 11:15

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
WBC, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

64 келі. Джамель Херринг
1/16 финал: 🇰🇿Данияр Елеусінов 9:19

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

69 келі. Эррол Спенс
1/4 финал. 🇷🇺Андрей Замковой 11:16

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
IBF, WBC, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

75 келі. Террел Гауша
1/8 финал. 🇮🇳Вижендер Сингх 15:16

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
WBA, IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласып, Эрисланди Ларадан жеңілді.

81 келі. Маркус Браун
1/16 финал. 🇦🇺Дэмьен Хупер 11:13

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
WBC, IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласып, Артур Бетербиевтен жеңілді.

91 келі: Майкл Хантер
1/8 финал. 🇷🇺Артур Бетербиевтен 10:10

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласып, Александр Усиктен жеңілген.

+91 келі: Доминик Бризил
1/8 финал: 🇲🇦Мохамед Арджауи 8:15

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
IBF, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласып, Энтони Джошуа мен Деонтей Уайлдерден жеңілген.

Осы арада түрлі олимпиадада өнер көрсеткен қазақ боксшыларының кәсіпқой бокстағы жетістіктерін де санамалап кеткенді жөн көрдік.

1996 жылдан бері елімізден 60 боксшы (кей боксшылар бірнеше рет барған) жазғы Олимпиада ойындарында жүлдеге таласқан.

🇺🇸1996 жыл — Василий Жиров
Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

🇬🇷2004 жыл — Геннадий Головкин
Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
IBF, WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.

🇬🇷2004 жыл — Бейбіт Шүменов
1/16 финал: 🇹🇷Тархан 19:27

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
IBA, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған.

🇬🇧🇧🇷2012, 2016 жыл — Данияр Елеусінов
Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

🇧🇷Жәнібек Әлімханұлы
1/4 финал: 🇦🇿Камран Шахсуварлы 1:2

Кәсіпқой бокстағы жетістігі:
WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуіне үміткер.