Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

1 млн. теңге материалдық көмек көрсетіледі

Басқа ақпараттар

Алматы облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Талдықорған әуежайы аумағындағы жанар-жағармай қоймасының сорғы стансасы маңында болған өрттен зардап шегіп, ауыр күйіктен көз жұмған азаматтың отбасына көңіл айтып, материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Талдықорған қаласының тұрғыны 1973 жылы туған Рахат Каметаев әуе қауіпсіздігі қызметінің инспекторы болып жұмыс істеген. 15 маусым күні орын алған өрт салдарынан денесінің 95 процентін күйік шалып, Талдықорған қалалық көп салалы ауруханасына жеткізілген болатын.

Ауыр күйік салдарынан көз жұмған Рахаттың отбасына, туған-туыстарына басу айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Рахат Каметаевты жерлеу рәсіміне жәрдем көрсетіліп, Талдықорған қалалық әкімдігі тарапынан отбасына 1 млн. теңге материалдық көмек берілетінін айтты.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың 15 маусымы күні 14:15-те жанар-жағармай қоймасының сорғы стансасы маңында, перроннан 1,2 шақырым қашықтықта орналасқан жанармай құятын МАЗ маркалы АТЗ-10 көлігі өртенген болатын. Жалын әуежайдың өртке қарсы қызметінің және Талдықорған Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен сағат 20.30-да ауыздықталды. Өрттен жанар-жағармай технигі мен әуе қауіпсіздігі қызметінің инспекторы зардап шегіп, қалалық көп салалы ауруханаға жеткізілген болатын.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img